Жаңалықтар

Депутаттар Қобда ауданында болды

Облыстық мәслихат депутаттары Қобда ауданында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың іске асырылуымен танысты.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов бастаған депутаттық жұмыс тобының құрамында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева және Қоғамдық кеңес өкілдері болды.

Депутаттар ауданда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңдарында болып, ауыл тұрғындарымен және аудан белсенділерімен кездесті. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында ұсыныстарды талқылады.

Бүгінде Әлия ауылында жалға берілетін екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ ауылішілік жолдар жөнделуде. Депутаттар жұмыс барысын өз көздерімен көрді. Мердігерлік ұйым өкілдері жол бойында міндетті түрде тротуарлар орнатылатынын атап өтті.

Одан кейін Талдысай ауылындағы Абат-Байтақ көшесіне асфальт төсеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Денсаулық саябағын да аралады және бірқатар мәдени нысандардың жөндеу жұмыстарын тексерді.

Сол күні топ мүшелері Білтабан ауылында тәулігіне 30 адам қабылдайтын медициналық амбулаторияны көрді, Астана көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған ауылдық клубта болды.

Облыстық мәлихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button